$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндері ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Синоптиктер 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтар мәліметінше, атмосфералық фронталь жүйеге байланысты батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста екпінді жел соғып, жауын-шашын болады.

"Негізгі ауа температурасы батыста түнде 3-17 градус, күндіз 12-28 градус, солтүстік-батыста түнде 0-7 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 8-23 градус жылы, солтүстікте түнде 0-5 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 6-11 градус жылы, орталық пен шығыста түнде 0-5 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 6-16 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары