Жаңалықтар 21.09.2021 сағат 18:20

Қазақстан жаңа телефон кодына қашан ауысады?

Осыған дейін елде жаңа +997 телефон коды белгіленген.
Қазақстан жаңа телефон кодына қашан ауысады?
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан жаңа телефон кодына қашан ауысатынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр Бағдат Мусин жаңа телефон коды тіркелгенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ЦДИАӨМ халықаралық электр байланысы одағында жаңа +997 телефон кодын тіркеді. ...+997-ге толық көшу бізге нөмірлеудің ұлттық ресурсын дербес бөлуге және абоненттер мен қызметтер саны бойынша ұлттық жүйені кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Халықаралық электр байланысы одағының регламентіне сәйкес Ресейдің байланыс әкімшілігімен Қазақстанды нөмірлеудің 7-аймағынан шығару мәселесі пысықталады. Бұл рәсім аяқталған соң Қазақстанға +997 коды беріледі.

ЦДИАӨМ жоспары бойынша Қазақстан 2023 жылғы қаңтардан бастап жаңа ұлттық кодқа көшеді. Алайда жаңа және ескі код 2 жыл қолданыста болады, ал 2025 жылдан бастап еліміз жаңа кодқа толық көшеді.

Осыған дейін елде жаңа +997 телефон коды белгіленген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар