22.09.2021, 16:20

Алматыда Ақбұлақтағы атқышты қолдау науқаны өтті

Фото: ашық дерекөз
Алматыда қарыз алушылар тобы 21 қыркүйекте «ЦентрКредит Банкінің», қалалық соттың және соттар әкімшісінің ғимаратына басып кірді.

Алматыда қарыз алушылар тобы 21 қыркүйекте «ЦентрКредит Банкінің», қалалық соттың және соттар әкімшісінің ғимаратына басып кірді. Адамдар жалғыз тұрғын үйден күштеп көшіру тәжірибесін тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Orda.kz адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Алғашқы науқан сағат 11.00-де Панфилов көшесінің бойындағы «ЦентрКредит Банкінің» кіреберісінде өтті. Банк қызметкерлері есікті жауып, наразылық білдірушілермен сөйлескісі келмеді.

Жарты сағаттан кейін топ Алматы қалалық сот алдына барды, бірақ олар онда да тиісті жауап ала алмады.

Содан кейін наразы топ Алматы қаласының Әділет департаментіне барып, акцияны жалғастырды. Олар өз талаптарын сот орындаушыларына жеткізуге тырысты. Бірақ оларды күзетшілер өткізбей қойды. Осыдан кейін наразылық білдірушілер мекемені басып алуға шешім қабылдады: ғимаратқа бірнеше адам кіріп үлгерген.

Қысқа төбелестен кейін жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы басшысының орынбасары Қайрат Садықов наразы топты баспасөз орталығына барып, жағдайды талқылауға шақырды.

Алайда, көп ұзамай шенеунік бос емес екендігін айтып, өзі ұйымдастырған кездесуден бас тартты.

Жанжалға дер кезінде жеткен үш полиция отряды наразылықты тек сырттай бақылап тұрды. Науқан біткеннен кейін олар оқиға орнынан кетіп қалды.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында ер адам үйінен шығаруға тырысқан полицейлер мен сот орындаушыларына оқ атты. Бес адам – сот орындаушысы, екі учаскелік полиция қызметкері, даулы мүліктің жаңа иесі және оның досы қайтыс болды.