$ 494.87  520.65  4.91

Вакцина алған қазақстандықтар кей елдерге ПТР-тестсіз кіре алатын болды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Венгрия, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті органдарымен вакцина паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның вакцина паспортын мойындайтын елдерді атады.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузия, Қырғызстан, Венгрия, Молдова, Моңғолия, Таиланд және Түркияның уәкілетті органдарымен вакцина паспорттарын өзара тану бойынша ноталармен алмасты.

"Осылайша коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан мен жоғарыда аталған елдердің азаматтары вакцина паспорты негізінде мемлекеттік шекараны карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шет мемлекеттердің вакцина паспорттарын біржақты тәртіппен танып, азаматтардың ел аумағына кіруін жеңілдетті. Бұл елдерге бару үшін Қазақстан азаматтарына шекарадағы өткізу пунктерінде коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.

Бұдан бөлек, қазір Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппин және тағы басқа мемлекеттермен вакцина паспортын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда, бұл мәселе Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары