$ 495.2  522.34  4.94

Бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Түнде және таңертең тұман түседі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі


Синоптиктер Қазақстанда 25-27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұған екі циклонның бірігуі ықпал етеді. «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, Республиканың солтүстік жартысында және шығысында қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Республиканың батысында ауаның негізгі температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3-5 градустан 3-11 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 13-23-тен 3-13 градусқа дейін төмендейді.

Елдің солтүстігі мен орталығында түнде 2-7 ден 3-8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 10-20 градустан 5-13 градусқа дейін төмендейді. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 градус, күндіз 7-17 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 5-15-тен 10-17 градусқа дейін көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы