$ 498.34  519.72  4.85

Түрік жігіті тікелей эфирде өзіне қол салды

22 жастағы Ердоған Серен Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде өзін өзі өлтірді деп жазады The Mirror басылымы.

Тікелей эфир арқылы көрсетілген жан шошытарлық видео мұнан кейін Сереннің парақшасында сақталып қалған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол Түркияның Османие провинциясында тұрған екен. Суицидті жас жігіт өз үйінде жасаған.

Өлер алдында Серен өзінің сүйікті қызына арнап өлең оқып кетіпті. Соған қарағанда, оның өліміне жауапсыз махаббат себеп болуы мүмкін.

Камера алдында бірнеше минут көрермендерімен сөйлескен Серен бұған дейін жұрттарға суицид жасайтынын ескерткенін айтты. "Алайда, маған ешкім сенген жоқ. Ендеше қараңыздар", - деді де ол өзіне қол салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары