$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек қыз табылды

Осыдан бір айдай уақыт бұрын Шымкенттегі ірі базарлардың бірінде із-түссіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды оңтүстікқазақстандық полицейлер іздеп тапты. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Естеріңізге салайық, Аида Абдусаматова биыл 13 қыркүйек күні Шымкенттегі "Алаш" базарына әпкесімен барып, сол жерде жоғалып кеткен болатын. Әпкесінің айтуынша, олар Сарыағаш ауданында тұрады. Керек-жарақтарын алу үшін облыс орталығына келіп, базар аралаған екен. "Қазір келемін" деп кеткен сіңлісін бірнеше сағат күтіп, келмеген соң ол полиция қызметкерлеріне арызданыпты.

Тәртіп сақшылары жеткіншек қызды 1 айға жуық уақыт іздеуден кейін тапқан. Қазір ол туған-туыстарына қайтарылды дейді ОҚО ІІД өкілдері. Алайда, Аиданың осы уақыт аралығында қайда болғаны, әпкесін тастап не үшін кетіп қалғаны айтылмауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары