$ 498.34  519.72  4.85

Астанада ақша жинайтын мұғалімдермен арнайы комиссия күресетін болады

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен мектеп қажеттіліктеріне ақша жинау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты елордалық мектептерде түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Әкімдіктің ресми сайтындағы «Әкімге өтініш» сервисі арқылы әкімнің атына келіп түскен әрбір сауал мен өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, актілер жасалады, білім беру ұйымының басшылығына тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады. Аталған жұмыстар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің ерекше бақылауына алынды.

Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері енді.

Сонымен қатар, әр мектепте білім мекемесі жұмсайтын міндетті шығындар тізімі ілінеді. Сыныптарда ақша жинау фактілері, мектеп әкімшілігі немесе жекелеген оқытушылар тарапынан басқа да заңға қайшы іс-әрекеттер тіркелген жағдайда, ата-аналар 55-01-62 және 87782550162 телефондары бойынша Білім басқармасының «қауырт желісіне» хабарласа алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары