Қазақстанда кейінгі тәулікте 1 925 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 925 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 882 634-ке жетті", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 196, Алматы қаласында - 426, Шымкент қаласында – 125, Ақмола облысында – 49, Ақтөбе облысында - 90, Алматы облысында - 181, Атырау облысында - 55, Шығыс Қазақстан облысында - 93, Жамбыл облысында - 58, Батыс Қазақстан облысында -54, Қарағанды облысында - 174, Қостанай облысында - 104, Қызылорда облысында - 47, Маңғыстау облысында - 15, Павлодар облысында - 144, Солтүстік Қазақстан облысында - 77, Түркістан облысында - 37.Қазақстанда 2 857 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Нұр-Сұлтан қаласында - 200, Алматы қаласында - 932, Шымкент қаласында - 147, Ақмола облысында - 178, Ақтөбе облысында - 109, Алматы облысында - 181, Атырау облысында - 27, Шығыс Қазақстан облысында - 181, Жамбыл облысында – 58, Батыс Қазақстан облысында - 143, Қарағанды облысында - 188, Қостанай облысында - 148, Қызылорда облысында - 82, Маңғыстау облысында - 25, Павлодар облысында - 57, Солтүстік Қазақстан облысында - 168, Түркістан облысында - 33.Елімізде барлығы 818 521 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 594 542 адам, 2-компонентін 6 500 573 адам салдырды.