29.09.2021, 10:00

«Барлығын вакциналау үшін екпе дәрісін ауаға шашуда»: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты

Telegram әлеуметтік желісінде COVID-19 вакцинасын адамдардың хабарынсыз ауаға шашып жатыр деген ақпараттар тарауда, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қолданушылар мұндай қорытындыға Қырым федералды университетінде жасалған препарат туралы жаңалықты оқығаннан кейін келген. Ол басқа вакциналар сияқты бұлшықетке салынбайды, тек мұрын арқылы деммен жұтылады. Алайда бұл препаратты ауаға ешкім шашпаған.

Қырым федералды университетінде COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина ойлап табылды деген жаңалық 2020 жылдың қазанында пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары аурудан қорғану үшін препаратты деммен жұту жеткілікті екенін жазған. Сонымен қатар, вакцина университет әкімшілігі сатып алған тышқандарға клиникаға дейінгі сынақтардан ғана өткені айтылды.

Адамдардағы клиникалық сынақтарға көшу үшін вакцинаны жасаушыларға оқу орнында жеткіліксіз қаражат қажет болды.

Қырымда жасалған мұрынішілік вакцина туралы келесі хабарламалар тек 2021 жылдың шілдесінде жарияланды. Ол уақытта университет ректоры Андрей Фалалеев дәрі әлі адамда тексерілмеген және оның тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми түрде дәлелденбегеніне қарамастан университет қызметкерлерінің кейбірі екпені "заңсыз әрі білдіртпей" алып алғанын айтқан.

Бүгінгі таңда Қырым федералды университеті ДДҰ вакцинаны әзірлеушілердің тізімінде жоқ.

Мұның барлығы бұл вакцина әлемнің ешбір елінде тіркелмегенін және клиникалық сынақтардың бірде-бір кезеңінен өтпегенін көрсетеді. Тиісінше, бүгінгі күні бұл препаратты жаппай өндіру жайлы әңгіме өрбіту қисынға келмейді, сондықтан олар оны ауаға шаша алмайды.