$ 494.87  520.65  4.91

Құтқарушылар қызметінде моральдық, физикалық жүктеме басым

Құтқарушылардың жұмысындағы ең қиыны не? ҚР ТЖМ ТЖ жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров осыған қатысты пікір білдірген еді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Қазақстан шұғыл континенттік климат аймағында орналасқан, демек, республикадағы ауа райы жағымсыз тосын мінез көрсетіп жататын жайттар жиі кездеседі. ҚР ТЖМ қызметі бұл мәселені қалай шешіп келеді? Құтқарушылардың жұмысындағы ең қиыны не? ҚР ТЖМ ТЖ жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров осыған қатысты пікір білдірген еді, Skifnews.kz-тен оқыңыз.

Құтқарушылардың жұмысы әрқашан моральдық және физикалық жүктемелермен тікелей байланысты. Сондықтан қандай тапсырмалар қиын, қайсысы оңай екенін анықтау өте қиын. 

Жомарт Асқаров боранды күндері кейбір азаматтардың дауыл жайындағы ескертулерді елемей, ұзақ жолға шығып кететініне қатысты базынасын айтты.

«Ешбір ескертуді елемей, жолға шығады, содан кейін шұғыл түрде «112» нөмірін тере бастайды. Бір қызығы, олардың барлығы құтқарушылар темір адамдар және оларға табиғи апат ештеңе емес екеніне сенімді. Біздің құтқарушылар, әрине, ауа райы қандай болса да, әрқашан көмекке барады, өз өмірін қатерге тігеді. Ең қиыны, қолайсыз ауа райы кезінде қар құрсауында қалған жүк көліктері жүргізушілері көлікті иесіз қалдырудан бас тартады. Бір жағынан оларды түсінуге болады — олар материалдық тұрғыда жауапты, екінші жағынан — аяз бен боранға қарамастан өз жұмыстарымен жолға  шығатын жеңіл көлік иелерінің немқұрайлылығы түсініксіз. Олармен бірге эвакуаторды күту керек болады немесе ауа райы мүмкіндік берсе, процесті тездету үшін жол қызметтерін тартуға тура келеді», дейді ол.

«Тәртіпсіз» өңірлер

Сонымен қатар, ол ТЖ ескертулерін елемейтін қай өңірлер екеніне де тоқталды.  Оның айтуынша, республиканың батыс өңірлері табиғи ТЖ-ға бейім емес, оларда төтенше сипаттағы техногендік жағдайлар басым.

«Бұл табиғи апаттардың сипатына және адамдардың өздеріне  байланысты. Әр нәрсенің жағымды және жағымсыз жақтары бар. Мысалы, су тасқыны бойынша жыл сайын Орталық Қазақстан, Шығыс және Солтүстік өңірлер көп зардап шегеді, себебі, онда қар, су көп. Ал қыста ауа райының қолайсыздығынан ғана емес, сонымен қатар жауапсыз  жүргізушілер салдарынан да проблемалық жағдайлар көп болады. Олар ТЖ ескертулеріне қарамастан, жолға аттанып, қар құрсауына түседі», дейді ол. 

Құтқарушы қыста да, жазда да ескертулердің барлық түрлерін елемейтін балықшылар барып атап өтті. 

«Егер төтенше жағдай қыс мезгілінде орын алса, біздің құтқарушыларымыздың су астында жұмыс істеуіне екі есе салмақ түседі.  Құтқарушылар судан мүрдені алып шыққан кездегі психоэмоционалды жүктемені тағы қосыңыз. Қыста тауларда табиғаттың барлық қыңырлығына көшкін қаупі қосылады», дейді Асқаров.

Техникалық жабдықталу деңгейі қандай?

Департамент өкілі төтенше әрекет ету қызметтерінің жедел көмегіне ықпал ететін техникалық жаңалықтар туралы да айтты. Бір ғана 2020 жылдың соңында төрт тікұшақ сатып алынған.

«Материалдық-техникалық жабдықтау халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты рөлдердің бірін атқаратыны сөзсіз. Мысалы, біз 2020 жылдың соңында төрт тікұшақ — екі Ми-8 тікұшағын алдық, олар Алматыда 405-ші зауытта жиналды, сондай-ақ Н-145 (санавиация) және Н-130 (бұл борт орман авиациясына арналған) тікұшақтарын алдық. Барлық төрт машина ТЖ апаттарының салдарын жоюға арналған арнайы жабдықтармен, сондай-ақ медициналық модульдермен толық жабдықталған. Бұдан басқа, бізде үш мыңнан астам мамандандырылған және көпфункционалды техника бірлігі бар — автосатылар, сатылары бар автоцистерналар, оларда биіктігі 450 метрге дейін компрессиялық көбікті бере алатын сорғылар орнатылған. Сондай-ақ, іздеу сүңгуір жұмыстарына арналған жарақта тереңдік сканерлері бар. Бұл — сүңгуірлердің орнына түбін, оның мүмкіндіктерін 100 метрге дейін зерттейтін мамандандырылған бейнекамера, - дейді ол. 

Құтқарушыларды кім құтқарады?

Құтқарушылар адамдарды құтқарады. Ал құтқарушылардың өздеріне қиын сын-қатерлерден кейін күйзелісті жеңуге кім көмектеседі, деген заңды сұрақ туындайды. ҚР ТЖМ құрылымында мұндай жағдайлар үшін жеке психологиялық қызмет бар, оның негізгі міндеті - ТЖ кезінде халыққа ғана емес, жеке құрамды сүйемелдеу үшін де шұғыл психологиялық көмек көрсету. Яғни, ТЖ кезінде құтқару операцияларын жүргізгеннен кейін құтқарушылар міндетті оңалтудан өтеді, психологтармен бірге қандай да бір операция барысында болған барлық оқиғаны егжей-тегжейлі талқылайды. 

«Көбіне ТЖ қатарына қызметке енді ғана кірген, әзірге рейдтерге шығуға дайындалып жүрген жаңадан келгендермен де жұмыс жүргізеді. Психологтар оларды алдын-ала туындауы мүмкін жағдайларды дұрыс қабылдауға, адамдардың өліміне, үлкен биіктікке, өртенген мәйіттерге немесе суға батқандарға дұрыс қарауға дайындайды. Алайда, ең қиыны — балалардың өлімі және бауыр еті баласын жоғалтқан ата-аналармен қарым-қатынас, дейді Жомарт Асқаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары