$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуімді ұрып-соқты» - бес адамды атып өлтірген алматылықтың әйелі

20 қыркүйек күні оның еш жерінде жарақаты болмапты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бес адамды өлтірген алматылық атқыш Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчян күйеуінің денесінің көгергеніне ашулы. Кінәлілердің үстінен жауапқа тартуды сұрап арызданбақ, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Анаида Демирчянның айтуынша, ұсталған кезде күйеуін ұрып-соғып көгертуі мүмкін. 20 қыркүйек күні оның еш жерінде жарақаты болмапты.

Менің сотта көргенім... Олар бұған көз жұма қарады. Барлық ел, бүкіл әлем көрді. Көкпеңбек. Оны қалай ұрғанын айту үшін маман болудың қажеті жоқ, — дейді Демирчян.

Оның айтуынша, Игорь Дужнов қарсылық көрсетпеген.

Мен барлық жерге арызданамын. Қазір де арызданып жатырмын. Мен мұны бұлай қалдырмаймын. Бұл — заңсыз. Ол өз еркімен беріліп, көлікке отырды, — дейді күдіктінің әйелі.

Анаид Демирчян түрдемегі күйеуінің жағдайы қалай екенін білмейді. Десе де, заң шеңберінде адвокат кездесіп тұрады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары