$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық мектептерде өзін-өзі қорғау сабағын енгізу ұсынылды

Бұл ұсынысқа қазақстандық мектептердегі ата-аналар одағы бастама жасады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Күзетші мен турникеттің орнына қауіп-қатерге қарсы әрекет ету дағдыларын үйрететін пән енгізілу ұсынылды. Бұл ұсынысқа қазақстандық мектептердегі ата-аналар одағы бастама жасады. Барлық ТЖ-дан кейін оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп отыр. Кейбір ата-аналар балалар өздерін қорғай алуы тиіс деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Денис Суслов – үш баланың әкесі. Қауіпсіздік және жеке қорғаныс саласының маманы. Денис мектептерді турникеттермен, бейнебақылаумен және терезелердегі торлармен жабдықтау балаларды қауіптен қорғамайды деп санайды.

Денис балаларға бірқатар дағдыларды үйретуді ұсынады.

“Ең алдымен, бала психологиялық тұрғыдан дайын болуы керек. Ол қылмыскердің түр-сипаты қандай болатынын, қандай әрекеттер жасай алатындығын ажырата білуі керек. Бала көшеде жүргенде, не үйде жалғыз қалғанда қандай жағдай орын алуы мүмкін екенін білуі тиіс”, – дейді Құқық қорғау органдарының арнайы дайындық орталығының жетекшісі Денис Суслов .

Айтуынша, қазіргі заманда балаларды өзін-өзі қорғау дағдыларына үйрету қажет. Оның пікірінше, мұны арнайы дайындықтан өткен дене шынықтыру немесе АӘД мұғалімдері өтуі тиіс.

Бұл модель Германия мен Чехияда бірнеше жылдан бері сәтті қолданылып келеді. Денис Суслов осындай бағдарламалардың бірінің авторлары.

Қазақстанның Ата-аналар одағында оның бастамасын толық қолдады.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімінің меңгерушісі Ирина Селихова отбасылық жағдай, баланың жеке ерекшеліктері міндетті түрде ескерілетінін алға тартады.

“Егер бала мазасыз болса, әрине, мектепте проблемалары болады. Қазірдің өзінде ауыртпалық көп”, – дейді ол.

Идея бастамашылары мектептегі жаттықтырушылар ата-аналық тәрбиемен айналыспайтын отбасындағы балаларға көмектесетін еді, үйдегі әкелерін алмастырады деп санайды. Олар ұсыныстарымен қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарына жүгінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары