$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық «ерекше» мейрамхананың иесі ресейлік әзілкеш болып шықты

Алматының төрінде қонақтарын көлігіне дейін кілем жайып қарсы алатын қымбат мейрамхананың иесі — Ресейдің бір әзілкеші Сергей Светлаков болып шықты, деп хабарлайды «Экспресс К».

Аталған мейрамхананың көлік тұрағына жоғарыдағыдай «жаңалық енгізу» де сол әзілкештің ойынан туындаған екен.

Ал, әлеуметтік желілер алматылық мейрамхананың мұндай ерекше қадамға баруына көп жағдайда теріс көзқарас танытуда. «Қонақ күтудің жөні бір бөлек, ал, мынаусы артық кеткендік» деген сөзбен мазмұндас пікір білдірушілер «онан да тасып бара жатса, жетіспей жатқан жерлерге көмегін тигізбей ме?!» деген кейістік білдіруде.

Ал, мейрамхананың арт-директоры Евгений Вайнганд болса, мейрамхананың бұл һарекетін «қонақ күтуде қалыптасқан дәстүрге жаңашашылдық енгізу» дейді. Оның айтуынша, төселген кілемдер енді жыл бойы жатады. Ал, бүлінген жағдайда қонақтарға жағымды әсер ету үшін тазаланып отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары