$ 448.15  483.46  4.86

Елордада діндер лидерлерінің отырысы басталды

Отырыс Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр.

Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысы басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Хатшылық отырысы аясында VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ 2022 жылы өтетін VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің күн тәртібін талқылау, нақты күнін анықтау жоспарланған.

ХІХ Съезд Хатшылығының қарсаңында, 2021 жылдың 5 қазанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев басшылығымен Съезд Хатшылығы жұмыс тобының отырысы өтті.

ХІХ Съезд Хатшылығының жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм сынды әлемдік және дәстүрлі діндерінің жетекшілері – САК, Әзербайжан, Иран, Түркия, Пәкістан, БАӘ, Египет, Израиль, Ватикан, Ұлыбритания, Моңғолия, Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, АҚШ және т.б. – халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары