$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде 5G интернет іске қосылды

Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр.

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты.

Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр»-деп жазды Бағдат Мусин Instagram парақшасында. 

Оның сөзіне сенсек, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары