$ 494.87  520.65  4.91

Әйелдерге жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болады?

Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

«Бұл мәселені, әйелдер жүктіліктің қандай аптасында вакцина алуына болатындығын анықтау үшін Иммунизация жөніндегі комиссияның қарауына енгіздік. Бірақ, тұмауға қарсы вакцинацияны мысалға алып айтар болсақ, жүкті әйелдерге 2012 жылдан бері тұмауға қарсы екпе жасап келеміз. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 15 және одан жоғары апталарынан бастап тұмауға қарсы вакцина алуына рұқсат беріледі. Яғни, қазіргі уақытта ғалымдарымыз жүктіліктің қанша аптасында вакцина алуға болатын мерзімді қарастырып жатыр», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Есмағамбетов балалар мен жүкті әйелдерді вакциналау үшін елімізге Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы жеткізілетінін айтқан еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары