Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Ол 2- шілде күні бейтаныс адамға қолында бар ақшасын ұстатып жіберген, деп жазады ҚазАқпарат.
«40 жастағы ақтөбелік бейтаныс адаммен дәмханада кездесіп, келіскен. Күдікті қаладағы университеттерінің біріне «ақысыз бөлімге» оқуға түсуге жәрдемдесетінін айтып, қызметі үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.