$ 443.85  474.3  4.8

Елімізде енді дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында айтты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елімізде медициналық қызметкердің жауапкершілігін сақтандыру алгоритмі әзірленіп жатыр.

Министр науқастың мүддесін қорғап, ақ халаттылардың құқығын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа реформаны тілге тиек етті. Бұл дауды сотқа дейін жеткізбей, медиация тəртібімен реттеуге жол ашады.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер де қателеседі. Мәселен, АҚШ-та дәрігердің қалт кетуі 25 пайызға дейін тіркеледі. Егер біз әрбір маманды жазалап, соттайтын болсақ, онда елде медициналық қызметкер қалмайды. Егер жұмысына немқұрайлы қарап немесе науқасқа әдейі зиян келтірсе, онда қатаң жауапқа тарту керек. Абайсызда болса, сақтандыру арқылы өтеуге мүмкіндік беріледі. Алайда дәрігер міндетті түрде қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыруға тиіс, содан кейін ғана ол жұмысқа кірісе алады. Мұндай әдіс дамыған елдерде қолданылады. Сонымен қатар бірде-бір дәрігер операция бөлмесіне сақтандырусыз кірмейді",- деп келтіреді Алексей Цойдың сөзін Хабар 24. 

Қазір елде 220 мыңға жуық дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Бағдарлама барысында ведомство басшысы олардың біліктілігі мен еңбекақы мәселесін қозғады. Бұдан бөлек, ревакцинация мен вакцинаның сақталуына бақылау жүргізу жайы да сөз болды. 

nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары