$ 494.87  520.65  4.91

Дидар Кәденнің бұрынғы жары: 4 жылдан бері бір жігітпен кездесіп жүрмін

Бақыт тыныштықты жақсы көреді дейді Айым Алтынбекова.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Дидар Кәденнің бұрынғы жары Айым Алтынбекова сүйіктісінің бар екенін растады. Ол 4 жылдан бері сүйіктісімен кездесіп жүргенін айтты. Алайда жеке өмірі туралы елге жар салғысы келмейді, деп жазады Stan.kz.

“Мен 18 жасымда тұрмыс құрдым. Ол кезде жас едім. Өткен өмірім үшін еш өкінбеймін. Ол маған айтарлықтай тәжірибе болды. Некеден қалған ең жақсы сый – ол Дияр. Егер менде дәл осы тәжірбе болмаса, мен қазіргідей күйге жетпес едім. Жобаларым болмас еді, бизнеске араласпас едім. Айым Алтынбекова болмас едім”, – деді ол. 

Айтуынша, жеке өмірінде де бәрі тұрақталған. 4 жылдан бері сүйген жаны қасында. 

“4 жылдан бері бір жігітпен кездесіп жүрмін. Ол өте мықты жігіт. Ол да мені сүйеді. Мен де оны сүйемін. Бақыт тыныштықты қалайды. Оны елге көрсетіп, суретін жария еткім келмейді. Қалада бірге жүргенімізді көріп те қалатын шығарсыздар. Ол мені еркелетеді, аялайды. Оның қасында өзімді жақсы сезінемін”, – дейді Алтынбекова.

Ол өзінің көп уақытын отбасына арнайтынын, отбасын бірінші орынға қоятынын айтады. 

“Мен жұмыстың тығыздығына қарамастан үнемі отбасына уақыт бөлемін. Оны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Балама, туыстарыма, жақындарыма көңіл бөлемін. Табиғатым сондай. Ал неке куәлігі мен тұрмыста деген дәреже мен үшін маңызды емес. Бастысы өзімнің бақытым”, – дейді ол. 

Айта кетейік, Айым Алтынбекова актер Дидар Кәденнің бұрынғы жары. Екеуінің ортақ бір ұлы бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары