Жаңалықтар 19.10.2021 сағат 15:00

«Мені кешірсін...»: Назарбаев қиналып жүргенін айтты (ВИДЕО)

"Бұл сен үшін сенсация болады. Мені кешірсін..."
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Казақстан.

"Хабар" телеарнасында Елбасы туралы деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі.
"Штрихи к портрету" фильмінің бесінші бөлімі 21 қазанда сағат 21:30-да эфирге шығады. "Мен қазір бұрын соңды ешқашан айтпаған дүниені бөлісемін. Бұл сен үшін сенсация болады. Мені кешірсін... Мен қиналып жүрмін. Қорықпайтын адам жоқ", - дейді фильм үзіндісінде Елбасы.

"Штрихи к портрету" – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көп сериялы деректі фильм. Фильм Елбасымен эксклюзивті сұхбатқа негізделген. Алғашқы бөлім 1 желтоқсанда, Қазақстанның тұңғыш президенті күні жарық көрді. Бүгінге дейін фильмнің төрт бөлімі шықты.

Бірінші фильмде Елбасы қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің ұрлығы және сатқындығы жайлы, отставкаға дейін Қасым-Жомарт Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты.

Екінші бөлімінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалай құрылғанын айтып берді.

Фильмінің үшінші бөлімінде қандай кітаптар оқығанын, қазір қай жанрдағы шығармаларға басымдық беріп жүргенін сөз етті.

Ал фильмнің бесінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен таныстығы туралы айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар