Жаңалықтар 20.10.2021 сағат 12:00

Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ол еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.
Ержан Еркінбаев мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үкіметтің қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жж. — "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. — "Медеу" спорт кешенінің бас директоры.

2016-2019 жж. — Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар