$ 444.22  476.38  4.82

Оралда итті көлігіне байлап, көшеде сүйреген жүргізуші жазадан құтылды

Себебі ит өліп қалған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Жақында әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралды. Жүргізушінің бұл әрекеті құқықбұзушылық ретінде қарастырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция ер адам 18 қазанда үйінің жанынан бейтаныс иттің мәйітін тауып алғанын хабарлады. Одан тіршілік белгілері байқалмаған, аузынан көбік шығып жатқан.

"Ит жұқпалы аурумен ауырған болуы мүмкін деп оған жақындамай, көлігіне байлап, қаладан алып шығып, мәйітін көміп тастаған", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ер адамды жауапқа тартпаған, себебі оның әрекеті құқықбұзушылыққа жатпайтыны атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйрегені туралы хабарланған. Полиция департаменті көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Ол 55 жастағы жергілікті тұрғын екен.

Бұл Қазақстанда жүргізушілер иттерді көлікке байлап, қала көшелерімен сүйреген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Екібастұзда 2020 жылдың соңында және Атырауда қаңтарда болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал