"Қарабақ соғысы кезінде біз куә болған ақпараттық саладағы қосарланған стандарттар біздің елдеріміз үшін жалған ақпарат пен өтірікке қарсы күрес тақырыбының маңыздылығын растады", - деді Ердоған.
Ол түркітілдес елдер стратегиялық салалардағы, соның ішінде БАҚ саласындағы қатерлерді өз бетінше жоюы тиіс екенін айтты.
2009 жылғы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты - түркі мемлекеттері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Оның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.