$ 444.32  473.33  4.76

Елімізде түрмеде отырған азамат өзінің ұлына бүйрегін берді

Ересек адамға да, балаға да өмір сүру үшін бір бүйрек жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті медициналық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Гүлжан Мұсабаева сотталған адамның бүйрегін трансплантациялау жүйесі туралы айтып берді. Оның айтуынша, мұндай жағдай ел тарихында алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды ЭК

Polisia.kz мәліметінше, 2018 жылғы сәуірде Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сотталушының жұбайынан өтініш түскен. Ол өз хатында төрт жасар ұлына шұғыл түрде донорлық көмек көрсетуді сұраған.

Бүйрек трансплантациясы үшін бала ағзасымен үйлесетін, дені сау донор қажет еді. Мұндай кезде көбінесе туған ата-аналардың өздері шақырылады. Себебі ересек адамға да, балаға да өмір сүру үшін бір бүйрек жетеді,

—дейді Гүлжан Мұсабаева.

Мұсабаеваның айтуынша, ол кезде баланың әкесі Шығыс Қазақстан облысында орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жүрген. Сондықтан баланың ауыр жағдайын ескеріп, оны дереу Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді.

Негізгі диагностикалық іс-шаралар ер адам ағзасының трансплантацияға үйлесімді әрі жарамды екенін көрсетті. Операция сәтті өтіп, пациенттердің жағдайы көп ұзамай тұрақталды. Сотталушы жазасын одан әрі өтеу үшін колонияға қайта жеткізілді,

—деп түсіндірді Гүлжан Мұсабаева.

Оның айтуынша, өз баласына бір бүйрегін берген ер адам түрмеден өткен жылы шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары