Семей қаласында Р. Карашев есімді адам қайтыс болады. Сөйтіп тергеу жұмыстары басталып, іс жүріп жатқанда оның банк картасынан ақша ұрланғаны анықталады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ұрлықтың бұл фактісі бойынша іс Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша жүргізіледі. Қазір Семей қалалық Полиция басқармасының бірқатар қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақша ұрлау фактісі бойынша түпкілікті жазаны сот айқындайды,
—деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Қайтыс болған азаматтың әйелі полицейлер ақша ұрлап қана қоймай, оны ұрып-соққанын мәлімдеді.
"Жәбірленушінің әйелі айтқан деректер жан-жақты зерттеліп, тексерілді. Ұрлыққа қатысы бар қызметкерлердің оны ұрып-соққанына негіз бен мен дәлел жоқ. Р.Қарашевтің қайтыс болу фактісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеліп жатыр. Кешенді сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Сол кезде оның нақты неден қайтыс болғаны анықталады. Сараптама нәтижелерінен кейін тиісті процестік шешім қабылданады. Тергеу барысын прокуратура қадағалап, бақылайды", — деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.