Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданды. "Отырғызылған" пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге, бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған "гүл алқабы" инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар "гүл алқабының" қолдан жалғанғанына, сондай-ақ, пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екеніне шағымданды.