Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 қазан кешімен салыстырғанда 1,36 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424, 87 теңге болды.
Ұлттық банктің 25 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,32 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 425,5 теңге, сатып алу – 426, 9 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 5 теңге.