$ 494.87  520.65  4.91

«Жылда бір оқушы жүкті болады»: Қызылорда тұрғындары жасөспірім қыздардың ерте тұрмысқа шығуына алаңдаулы

Бұл туралы қоғам белсендісі Сандуғаш Шымболатқызы Facebook-тегі парақшасында жариялады. Оған бір топ ата-ана мектептегі жағдайды айтып хат жазған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда тұрғындары жасөспірім қыздардың мектеп қабырғасында жүріп аяғы ауыр болып қалғандықтан, ерте тұмысқа шығатынына наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қоғам белсендісі Сандуғаш Шымболатқызы Facebook-тегі парақшасында жариялады. Оған бір топ ата-ана мектептегі жағдайды айтып хат жазған.

Онда тұрғындар Шиелі ауданы Жөлек ауылының №152 мектебі туралы баяндапты. Олардың айтуынша, бұл ауылда үш жылдан бері жылына бір оқушы қыз мектепте оқып жүріп тұрмысқа шыққан.

«Биыл 12 шілдеде 10-сынып оқушысы Жахаев ауылына күйеуге шықты. Тағы да жақында 10-сыныптың бір оқушысы жүкті болып, тұрмысқа шықты. Сонда мектеп «загс» орны ма?», – делінген хатта.

Сондай-ақ ата-аналар баланы аманаттап мектепке бергеннен кейін дұрыс тәрбиелеу керектігін айтыпты.

«Тізгінсіз кеткен балалардың саны ауылда еселеп артқанын қаламаймыз. Тоқтау бола ма? Жоқ па? Ата-ана ма әлде мектеп пе, кім жауапты анықтап беріңдер? Жауапты органдар ешқандай шара қолданбай, жасырып отыр», – деп те жазылған хатта.

Экспресс К басылымына Қызылорда облыстық білім басқармасы аталған жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе бақылауымызда. Тиісті шаралар қабылдануда», – деген облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары