$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда таяқ астында қалған сот орындаушысының төбелесті өзі бастағаны белгілі болды (ВИДЕО)

Бейнежазбадан Ермековтың үй иесін бірінші болып ұрғаны көрінеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматы қаласында үй иесінің соққысына тап болған сот орындаушы Әділ Ермеков төбелесті өзі бастаған бейнежазбасы жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бейне полиция қызметкерінің жетонындағы бейнекамера болуы мүмкін. Онда Ермековтың үй иесін бірінші болып ұрғаны көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйге қосалқы салынған құрылысты бұзу шаралары кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырға тұсынан екі рет ұрды. Сот орындаушылар палатасы полицейлердің қатысуымен қызметкерді ұрып-соғу болғанын хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы сот орындаушылардың әрекетсіздігі туралы айыптауларына жауап берді. Ал жәбірленушінің өзі видео хабарлама жасап, қол көтерген адамды сотқа беретіндігін айтты. Алайда, кейінірек ол осы роликтен кейін жауапқа тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #төбелес