$ 443.85  474.3  4.8

Кербұлақ ауданы әкімдігінде төбелес болды (ВИДЕО)

Видеода аудан әкімінің орынбасары мен бір ер адамның жаға жыртысқанын көруге болады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Сарыөзек ауылында аудан әкімдігінің ғимаратында аудан басшысының орынбасары мен тұрғындар арасында жанжал шықты. Бұл оқиғаға қатысты Кербұлақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде дау-дамайдың видеосы тарап жатыр. Әйел қоғам белсенділерімен бірге Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларының бірінің кабинетіне келген. Орынбасармен болған әңгіме кенет айқай-шуға ұласып кетеді.

"Көп балалы отбасыларға, мүгедектерге көмектесуге құзырыңыз бар ғой. Неліктен құзырыңыз жоқ? Кәдімгі әкімдік қой, бірдей жалақы аласыздар!" – деп ашуға басты қабылдауда отырған әйел. "Менің орныма отырыңызшы. Көрейін", – деп жауап берді шенеунік.

Осыдан кейін ол жиналғандардың бірін өз орындығына отырғызбақ болған, ақыры жанжал шыққан. Белгілі болғандай, жанжал ауылдық округтердің біріндегі елді мекендерге көмірдің нашар жеткізілуіне байланысты туындаған.

Тұрғындар жағдайды тез арада шешуді талап етті. Кербұлақ ауданы әкімдігі видеоның 25 қазан күні облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әденовтің кабинетінде Қаспан ауылы тұрғындарын қабылдау кезінде түсірілгенін хабарлады. Ведомствода жиынға облыстық мәслихат хатшысы, Nur Otan өкілі, ішкі саясат басқармасының басшысы, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткенін түсіндірді.

"Әйелге көмірдің қоймалардағы кезекке байланысты дайындалған тізім бойынша берілетінін түсіндірілді. Бірақ бұл жауапқа қанағаттанбаған азамат агрессивті түрде әрекет етіп, әкім орынбасарының үстінен балағат сөздер айтуға дейін барып, көмірді тегін жеткізуді талап етті. Одан әрі белсенді Сансызбаев пен әкімнің орынбасары Әденов арасында кикілжің туындады. Қазір бұл оқиғаға байланысты аудандық әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, қоғам қайраткерлері алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылатын ғимаратқа кіру тәртібін және азаматтарды қабылдаудағы карантиндік шектеулерді елемеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары