Жаңалықтар 28.10.2021 сағат 12:00

Алматыда Мұқағали Мақатев бейнеленген мурал пайда болды

Жоба авторлары - Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.
Алматыда Мұқағали Мақатев бейнеленген мурал пайда болды
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда қазақтың белгілі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған мурал пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Муралдың ашылуы ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Арт-жоба Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Жоба авторлары - Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, суретті салуға шамамен 5 күн, ал қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Бұл ретте суретшілер 50 литр бояу мен 100 аэрозоль құтысын жұмсаған. Қабырғаның көлемі шамамен 190 шаршы метр.

Муралдың ашылуына ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ 21 қазанда жарыққа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсіру тобы қатысты.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар