$ 494.87  520.65  4.91

НЗМ-дегі өлім: Мұғалімнің қаза тапқан балаға ұрысқаны видеоға түсіп қалды

НЗМ түлегі Дариға есімді қыздың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі сабаққа юбкамен келген оқушыларды “гейлер сектасында тұр” деп айыптап, ата-аналарын мектепке шақырып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

НЗМ түлегі Дариға есімді қыздың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі сабаққа юбкамен келген оқушыларды “гейлер сектасында тұр” деп айыптап, ата-аналарын мектепке шақырып жатыр. Ал Алматыдағы НЗМ оқушылары үйлеріне тек ата-аналарымен ғана қайтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Юбка кигендер гейлар сектасында тұр"

Дариғаның айтуынша, Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы НЗМ оқитын құрбысы Мәдина Раилова мектеп әкімшілігінің тарапынан қысым көруде. Дәл осындай жағдай Нұр-Сұлтандағы НЗМ болып жатыр. Сергей Кимді қолдау мақсатында сабаққа юбкамен келген ұлдарды "гей сектасында жүргендер" деп айыптаған. Тіпті ата-аналарына қоңырау шалған.

"Мәдинаны Сергей Кимді қолдау мақсатында ұйымдастырылған акцияның ұйымдастырушысы ретінде айыптап, қысым көрсетіп жатыр. Оны және басқа да оқушыларды директордың кабинетіне шақырып, акцияны тоқтатуды талап еткен. Мектепке юбкамен келген оқушылардың ата-аналарын шақырып жатыр. НЗМ кураторларының біреуі Мәдинаға келіп, БАҚ өкілдеріне сұхбат беруге болмайтынын айтқан", — дейді мектеп түлегі Дариға.

"Суицид жасауға мектеп итермеледі"

Сондай-ақ "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында НЗМ кураторы қаза тапқан Сергей Кимге ұрысып жатқан видео бар екенін жазды. Ол ұсынған стенограммадан, куратордың Сергей Кимге юбка кигені үшін ұрысып жатқанын аңғаруға болады.

Куратор: Сен юбка киетіндей қыз кейіпкерсің бе? Мұны қайдан алдың?

Сергей Ким: Сізге не ұнамай тұр?

Куратор: Маған юбка кигенің ұнамайды. Мектеп сыртында киіңдер, бірақ мектепте юбка кию дұрыс емес.

Әңгімеге қосылған оқушы қыз, қазір сабақ емес, бал өтіп жатқанын айтады.

— Жақсы, бірақ бұл жігіттер юбка кисін дегенді білдірмейді. Бос уақыттарыңда іш киім киіп немесе іш киіммен жүгіріңдер дегенді білдірмейді, — дейді куратор Сергей Кимге дауыс көтеріп.

Дина Таңсәрі бұл видеоны ҚР ІІМ тапсырып, қылмыстық істің құжатына тігуді сұрады. Оның пікірінше, суицид мектеп қысымымен жасалды.

 

Тағы оқыңыз: «Телефонның соңынан секірген»: Алматыда суицидтен көз жұмған оқушының ата-анасы үндеу жасады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары