$ 494.87  520.65  4.91

14 жасар семейлік қыз Голливудты бағындырды (ВИДЕО)

14 жастағы Семей қаласының тұрғыны Ванесса Безродная «World championship of performing arts» халықаралық өнер чемпионатының поп және рок-вокал аталымында өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш байқау 11-19 шілде күндері Лос-Анджелес қаласында өтті. Оған 7 мен 45 жас аралығындағы әртістер қатысты. Ванесса әлемнің 42 елінің өкілі жарыс жолына түскен 16 жасқа дейінгі жас санатында өнер көрсетті.

Өнерімен талайды тәнтті еткен Ванесса елімізге 4 алтын, күміс және қола медальмен оралды.

— Біз үшін чемпионат өте сәтті өтті. 18 жылдың ішінде алғаш рет Қазақстан өкілі чемпионаттың вокал станаты бойынша финалға шығып, поп және рок-вокал аталымында абсолютті чемпион атанды, —деді Ванессаның анасы Ирина Безродная.

Ванесса бұған дейін «Жаңа толқын» байқауының ақтық мәресіне дейін жетіп, «Eurovision музыкалық академиясы» жобасына қатысқан еді.

— Мен бұл чемпионаттың 2 санаты бойынша ақтық мәреге жеттім. 4 алтын медаль алдым, — дейді әнші қыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары