$ 447.4  477.55  4.76

Мешіт тонаған маскүнем садақаның жар ақшасын жұмсап қойған

Алматы облысы Жамбыл ауданында Рамазан айының соңғы түнінде мешіттің ішіне ұры түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Ұры жергілікті ауылдың 23 жасар тұрғыны екені анықталды.

«Арақ ішіп, масайған ол, түннің бір уағында мешіттің терезесін сындырып, ішке кіреді де ондағы садақаға толы жәшікті алып кетеді. Қаскүнем ақшаның жартысын арақ-шарап пен тіскебасарға жұмсап үлгерген. Қалған қаржыны полицейлер мешітке қайтарып берді», делінген хабарламада.

Мешіт имамдары жәшікте қанша ақша барын білмейді, бірақ сома әжептәуір көп болған деп отыр. 

Қазіргі уақытта қылмыскер Жамбыл ауданындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары