$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстан бокс құрамасы Бибосыновтың жеңісіне апелляциялық шағым түсірді

Өзбекстан құрамасының осы әлем чемпионатында бес боксшысының жарыстан шығып қалғанын айта кетейік.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов 2021 жылғы әлем чемпионатында жетекшілігіндегі спортшысы Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңіліске ұшырағанына пікір білдіріп, апелляциялық шағым түсіргенін айты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарсыластар турнирдің бірінші айналымында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесіп, төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берген болатын. Осыдан кейін жалжал орын ала бастады.

"Хасанбойдың кәсіпқой бокспен айналысқанына екі жыл болды. Сондықтан оның соққы санына қарағанда, күші артқан. Нысанаға дәл тиген ауыр соққыларды ескерсек, ол қазақстандық қарсыласын жеңді деуге болады. Жекпе-жектен кейін біз раундтарды қарап шығып, өз есебімізді жүргіздік. Олардың барлығынан Хасанбойдың көп соққылар жұмсағанын байқадық. Біз жекпе-жекке эмонионалды емес, бейтарап түрде қарадық. Содан кейін апелляциялық шағым түсірдік. Ұрысты көрген төрешілер боксшымыздың екінші раундта жеңіске жеткенін хабарлады. Егер жекпе-жек кезінде дәл осы нәтиже айтылғанда, үшінші раундта Дусматов әлдеқайда сабырлы түрде әрекет ететін еді. Нәтижесінде, соңғы раундты боксшымыз қорқыныш пен тәуекелмен өткізді. Қазақстан құрамасының бапкерлері мол тәжірибеге ие. Сол себепті олардың өз боксшыларына үшінші раундта абай болуды ескерткендері анық", - деді Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы.

Өзбекстан құрамасының осы әлем чемпионатында бес боксшысының жарыстан шығып қалғанын айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары