$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда мыңға жуық отбасы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілген

Облыста «Отбасы» банкі арқылы жылдық 2 пайызбен жеңілдетілген ипотека алу үшін көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін құрылған "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске асырылуда.

Жыл басынан бері Түркістан облысында коммуналдық кезекте тұрған мемлекет меншігінен 808 азамат коммуналдық жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Түркістан облыстық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлады.

Олардың негізгі дені - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен бірге, жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған отбасылар болып табылады. 

Түркістан облысы жаңадан құрылып, әкімшілік құрылым облыс орталығы - Түркістан қаласына көшкелі бері де бірталай мемлекеттік қызметкер қызметтік пәтерлерге ие болып, баспана жайы бойынша алаңсыз өмір сүруде. Атап айтқанда, Түркістан қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекемелердің қызмкеткерлеріне 2020 жылы 336 қызметтік пәтер берілсе, 2021 жылы 125 қызметтік пәтерге (барлығы 461 қызметтік пәтер) мемқызметшілер көшіп барды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да іске асырылатын болады дейді сала мамандары. 

Облыста «Отбасы» банкі арқылы жылдық 2 пайызбен жеңілдетілген ипотека алу үшін көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін құрылған "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінгі таңға Түркістан облысында «Отбасы» банкінің бағдарламасы арқылы 24 пәтердің конкурсы жарияланып, конкурстық процедуралар жүруде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында тұрғын үй "7-20-25" бағдарламасы аясында 234 отбасы тұрғын үй сатып алған.

Мұнан бөлек, Түркістан қаласында жыл соңына дейін 5 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Бүгінгі таңда шаһардағы әкімшілік-іскерлік орталықта 7, 9 және 12 қабаттан тұратын, жалпы ауданы 350 мың шаршы метр болатын 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде екен. Атап айтқанда, 45 үй - 12 қабатты (212,3 мың ш.м, 3 277 пәтер), 5 үй - 9 қабатты (14,02 мың ш.м, 225 пәтер), 15 үй - 7 қабатты (43,2 мың ш.м, 735 пәтер), 17 үй – 7 қабатты (73,2 мың ш.м, 1 116 пәтер). 

Сонымен бірге, 800-ге жуық пәтер ипотека арқылы және кезекте тұрған отбасыларға үйлестіріліп жатыр. 12 қабатты 10 тұрғын үй қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Құрылыс саласына жауапты мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда 65 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оның 40 218,3 шаршы метрден тұратын 720 пәтерінде сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталып, ішкі жағына әрлеу жұмыстары жасалуда екен. Шаршы метрі 141 861 құрайтын 2047 пәтердің қабырғасы көтеріліп, сыртқы бояуы және ішкі әрлеу жұмыстарымен қатар, кейбірінде монолит құю және газоблок қалау жұмыстары жүргізілуде. 

Шаһарда жалпы саны 48 тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен бой көтерген. 12 қабатты 6 тұрғын үй жыл соңына дейін ел игіліне берілмек. Жеті қабатты 15 үйдің құрылысы да қарқынды. Сонымен қатар, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы келер жылдың басында толық аяқталады екен. 

Жалпы, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 42802 адам тұр. Оның ішінде 10984-і көпбалалы отбасылар. 20664 - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, 11343 адам - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1710 - жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. 91 - жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған отбасылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары