$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында 18 жастағы бойжеткен ата-анасына көмектесемін деп, жоғалып кетті

Бойжеткен аудан орталығына жұмыс істеуге кетіп, қайта оралмаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны ата-анасына көмектесуге бел буып, жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары құқық қорғау органдарына арызданған деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол 18 жастағы қызының аудан орталығына жұмыс істеуге кеткенін, содан кейін оралмағанын айтқан. 

Полицейлер арызды тіркеп, қызды іздеуге кірісті. Көшелер мен аулаларды тарау, куәгерлерді, туыстары мен таныстарынан сұрастыруды қамтитын жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілді. Нәтижесінде 24 сағаттың ішінде тәртіп сақшылары жоғалған әйелді Алматыдан тауып, аман-есен үйіне қайтарды. 

Белгілі болғандай, бойжеткен ата-анасына көмектесу мақсатында ақша табу үшін жұмыс іздеген. Туыстары полиция қызметкерлеріне жедел әрі кәсіби іс-әрекеттері үшін алғыстарын білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары