$ 494.87  520.65  4.91

Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды

ҚР туризм және спорт экс-министрі 73 жасында дүние салды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

73 жасында ҚР туризм және спорт экс-министрі, Астананың экс-әкімі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов қайтыс болды. Қайғылы хабарды Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұжымы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бақылау кеңесінің төрағасы Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл ацтады", - делінген агенттіктің Facebook-тегі хабарламасында.

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов 1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын, ал 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазак мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Профессор.
Институтты бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарында әскери қызмет өткерді.
1973-1985 ж.ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасы ҒЗЖ техникалық бөлімінің оқытушысы, ассистенті, аға оқытушысы, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1985-1991 ж.ж. - "Еңбек резервтері" БЕСҚ Қазақ республикалық кенесі төрағасының орынбасары, төрағасы.
1991-1996 ж.ж. - "Яссауи" Туризм жөніндегі мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті .
1996-1997 ж.ж. - Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі.
1997-1998 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт жөніндегі комитетінің төрағасы.
1998-2003 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.
2003-2004 ж.ж. - Астана қаласының әкімі.
2004-2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы.
2006-2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрі.
2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. "Нұр-Отан" Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Қосымша лауазымдары:

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті;
Дүниежүзілік туристік ұйымның вице-президенті;
Азияда Олимпиада комитетінің вице-президенті;
Қазақстан Республикасы су спорты түрлері жөніндегі федерациясының президенті;
XII сайлаңған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кенесінің халық депутаты.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерімен, Ресей Федерациясының халықтар достығы орденімен марапатталған.
"КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы". "Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атақтарын алған.

Үйленген, екі баласы және үш немересі бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары