$ 494.87  520.65  4.91

ТМД кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан қазақ сарбазын марапаттады

Ол 1994 жылғы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан.
Раджан Батрканов
Раджан Батрканов

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан батыр-шекарашы Раджан Батркановтың (Батырханов) анасын марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2021 жылғы 2 қарашада Семей қаласының гарнизондық офицерлер үйінде батыр-шекарашы Раджан Батркановтың анасына салтанатты түрде "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекараларын нығайтқаны үшін" медалі табысталды.

Батыр-шекарашыны медальмен марапаттау туралы шешімді ТМД мемлекеттерінің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина) 11 шекара ведомствосының Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі қабылдаған.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі - ТМД мемлекеттерінің басшылары 1992 жылғы 6 шілдеде сыртқы шекараларды күзету мен олардағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін құрған халықаралық ұйым.

Айта кетейік, Батрканов Раджан Армиевич (1975-1994) интернационалист-жауынгер, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальонының Күршім взводының құрамында қызмет атқарған. 1994 жылғы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан. Қиян-кескі айқасты бірінші қабылдап, өз әскери қызметтестерін құтқарып, ұрыста жеңіске жетуге жол ашты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары