$ 494.87  520.65  4.91

Бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген азамат 11 жылға сотталады

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, Қостанай қаласының М. есімді азаматы бұрынғы әйелін қасақана өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Бұл туралы baq.kz хабарлады. 

2021 жылдың 16 маусымында Қостанайда автобус аялдамасының жанында бұрынғы әйелімен ұрыс кезінде сотталушы М. әйелдің кеуде тұсына, іші мен арқасына көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында М. өзінің іш қуысына бір рет пышақ салған, - деп түсіндіріп өтті соттан. 

Сотталушының қастықпен адам өлтірудегі кінәсі жәбірленушілер, оқиға куәгерлерінің түсінігі, іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындыларымен дәлелденді. 

Осылайша, қылмыстық заңның тікелей талабын орындау, сондай-ақ істің нақты мән-жайларын есепке алған сот М-ны Қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесіне 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жәбірленушілердің пайдасына келтірілген моральдық шығын өтемақысы ретінде 10 млн теңге көлемінде ақша төлетілді, - деп қорытындылады соттан. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары