Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 боксшы өткен болатын. Олардың төртеуі финалға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жартылай финалда жекпе-жек өткізген Теміртас Жүсіпов беларуссиялық қарсыласы Евгений Кармильчиктен басым түсті. Ол төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, финалға өтті.
54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Спортшы үндістандық Акаш Кумарды жеңді.
Сәкен Бибосынов қарсыласы Танарат Саенгетті 4:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Соңғы болып жекпе-жек өткізген Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальерродан 3:2 есебімен басым түсті.
Өкінішке орай Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов финалдық кезеңге өте алмады. Ол қола медаль жеңіп алды.