$ 448.15  483.46  4.86

Кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы белбеуіне үміткерлердің гонорарлары белгілі болды

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Қазақстан чемпионы белбеуінің иегері мен жаңа иегері бес миллион теңге, ал оның қарсыласы үш миллион теңге алады.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атағына жекпе-жектің жүлде қоры 8 миллион теңге болады. Бұл туралы кәсіпқой бокс федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Серік Ноян мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Қазақстан чемпионы белбеуінің иегері мен жаңа иегері бес миллион теңге, ал оның қарсыласы үш миллион теңге алады.

Тарихи жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Jekpe-Jek аренасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кеші аясында өтеді. Бұл спорттық іс-шара ел тарихындағы ең қызықты әрі маңызды шара болмақ.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы 20 жыл ішінде алғаш рет кәсіпқойлар арасында чемпиондық белбеуге жекпе-жек ұйымдастырады. Бұл атаққа үміткерлер - Ержан Залилов (12-3-2, 6 KO) және Искандер Харсан (9-1, 6 KO), олар 55,3 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі.

Сондай-ақ, федерация бұл сома кепілдендірілгенін атап өтті. Екі боксшы да демеушілерден қосымша ақшалай сыйақы ала алады.

Сонымен қатар, басты оқиға Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) чемпиондық жекпе-жегі болады. Рио-2016 Олимпиадасының алтын медаль иегері үшін бұл кәсіби карьерадағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі болады. Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBO негізгі чемпиондық титулы үшін күреседі.

"Қарсыластың есімі жақын күндері жарияланады, қазір келіссөздердің қорытынды кезеңдері жүргізіліп жатыр. Даниярға қарсы рингке осы дивизионның үздік боксшысы шығады, тартысты әрі бәсекелі жекпе-жек күтеміз", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтандағы бокс кешінің ұйымдастырушысы әрі менеджері Зия Әлиев.

Билеттер жақын арада онлайн-сатылымда қолжетімді болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары