$ 494.87  520.65  4.91

Ер адам сүйіктісін тоқтату үшін Алматы-Қостанай бағытындағы пойызға "бомба қойған"

Полицейлер жарылғыш зат туралы хабар берген адамның нөмірін де бірден анықтаған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Жанжалдан кейін үйден кетіп қалған әйелін тоқтату үшін ер адам "Қостанай-Алматы" бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz.

5 қарашада сағат 00:33-де Есіл станциясы келген жолаушылар пойызын шұғыл тексеруге тура келді. Полицияға жарылғыш зат салынғанын туралы ақпарат түсті. 

Түнгі уақытта 19 вагонның жолаушылары далаға шығарылды. Ал тәртіп сақшылары пойызды толықтай тексеріп шықты. Әсіресе кішкентай ұлы бар келіншек отырған жерге жан-жақты тінту жасалды. Ол Қостанайға бара жатқан. Тексеріс кезінде жарылғыш зат анықталған жоқ. 

"Жолаушы әйелден жауап алынды. Ол осы әрекетке бірге тұратын 22 жастағы ер адам бару мүмкін екенін айтты. Жолға шығардың алдында екеуі ұрсысып қалған", - дейді полицейлер.

Келіншек онымен не туралы хат жазысқанын да көрсетті. Ер адам ұлымен бірге кетіп қалған сүйіктісін қорқытып, пойызды тоқтатуға дейін баратынын жазған.

Полицейлер жарылғыш зат туралы хабар берген адамның нөмірін де бірден анықтаған.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бап бойынша терроризм актiсi туралы жалған хабар бергені үшін бес мың айлық көрсеткіш (14 585 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, я болмаса, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары