Мемлекет басшысы стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.
Мемлекеттік орган басшылары Президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады. Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан ары дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.