$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады

Әкімдік мәліметінше, талдау нәтижесі бойынша, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген.

Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан ары таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әкімдік мәліметінше, талдау нәтижесі бойынша, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралу қаупі артады.

Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралып жатыр. 

Биыл 8 қарашадан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары