Қарағанды облысындағы Абай шахтасындағы жарылыс салдарынан көз жұмған шахтерлердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Краус Сергей Юрьевич, үңгуші, 1983 жылы туған, үйленген.
- Шмидт Виталий Владиславович, үңгу жұмыстары учаскесі-1, үңгуші, 1979 жылы туған, үйленген.
- Абдуллин Наиль Рамильевич, үжу-1, үңгуші, 1990 жылы туған, үйленген.
- Корниенко Сергей Анатольевич, үжу-1, 1971 жылы туған, үйленген.
- Супрунов Алексей Алексеевич, үжу-1, бөлім меңгерушісінің көмекшісі, 1987 жылы туған, үйленген.
- Скитченко Николай Николаевич, тау-кен қазу қауіпсіздігі инженері, 1968 жылы туған.
«Кеншілердің ең үлкені 53 жаста, ең жасы 31-де болған», – деп жазады Sputnik Казахстан.
Сонымен қатар шахта газына уланып қалған тағы екі жұмысшы қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Еске салсақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болып, 6 адам қаза тапқан болатын.