Жаңалықтар 08.11.2021 сағат 10:40

«Cәкен сөзінде тұрды»: Мырзағали Айтжанов шәкіртінің жеңісіне қатысты пікір білдірді

«Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың» деген ой болды.
«Cәкен сөзінде тұрды»: Мырзағали Айтжанов шәкіртінің жеңісіне қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бокстан әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі сынға шәкіртінің қалай дайындалғанын айтып, сұхбат берді деп жазады Olympic.kz. 

«Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. «Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың» деген ой болды.

Бірақ ол өз ойынан айнымай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды.  Мұның бәрі еңбекпен келді. «Еңбек бәрін жеңбек» деген сөздің дұрыстығын дәлелдеді», - дейді Мырзағали Айтжанов.  

Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар