$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде қыз баланы өлтіріп, артынан өртеп жіберген

Алдымен буындырып өлтірген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Оқиға бір тәулікке берілетін пәтерлердің бірінде болған

Алматы қаласындағы «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтіріп, артынан өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды.

«Алматыда Достық, 138, «Латифа» тұрғын үй кешенінде қызды өлтірді. Алдымен буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бұл туралы үндемей қалмаңыз! Біз учаскелік инспекторларға бір тәулікке берілетін пәтерлерде притондар бар екенін, ол орындардың нағыз тозақ екенін бірнеше рет айттық. Бірақ ешкім қаперіне алған емес. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінде кісі өлтіру фактісі расталды.

«Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген және Медеу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жеке басы анықталған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деп атап өтті полицияда.

Сонымен қатар, ПД жәбірленушінің жеңіл мінез-құлықты әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары