$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында шаруа қожалығы басшыларының үстінен іс қозғалды

Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысында шаруа қожалықтарына 380 миллион теңгенің субсидиясы заңсыз төленген, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. 

Шаруа қожалықтары басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Олар "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес, аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды Ресейден әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алған жоқ.

Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгені құрады, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары